Атырауда жаңа теннис орталығы жұмыс жасай бастады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда ресми түрде өткен жылдың соңында ашылып, бірақ құрылыстың толықтай бітпеуіне байланысты қайта жабылған жаңа теннис орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мұнайшы» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінен (ДСК) жаңа теннис орталығына 123 жас теннисші көшіп келді. ДСК-да көп балалар жаттыға алмады. Алайда, тілек білдірушілер көп. Өткен жылдың желтоқсан айында тенниспен айналысу үшін кезекке 530 адам тұрған болатын. Біз спорттың осы түрімен айналысқысы келетіндердің барлығын қабылдауға дайынбыз», - деп хабарлады облыстық теннис федерациясының директоры Вера Тихомирова-Брегвадзе.

Жаңа спорт орталығында төрт сыртқы және төрт ішкі корттар бар. Бұл жерде бір уақытта 600 спортшы жаттыға алады. Теннис корттары барлық халықаралық талаптарға сай. Жабынды Рио-де-Жанейродағы олимпиада алаңдарында корттарды дайындауға тартылған испаниялық мамандар жасады.

Соңғы жаңалықтар