Атырауда жалпықалалық сенбілікте 2,5 мың көшет отырғызылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 21-22 сәуірде жалпықалалық сенбілікте 2500 мың ағаш көшеттері отырғызылады. Қаланы екі айлық санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық сенбілік өтеді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық әкімдіктің мәлімдеуінше, бүгінде көшет отырғызу орындары белгіленді. Сәтбаев көшесі мен Сәтбаев-Құрманғазы көшелерінің қиылысында және Азаттық даңғылы мен Абай көшесі қиылысынан Махамбет көшесі мен Азаттық даңғылы қиылысына дейін, сонымен қатар облыс әкімдігінің аумағына көшеттер отырғызу жоспарланып отыр.

Іс-шара «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» республикалық акциясы аясында өтеді. Қалалық сенбіліктің барысында жалпы алғанда 2 500 қылқан жапырақты ағаштары мен қарағаш көшеттеріотырғызылады. Ағаш отырғызуға мемлекеттік қызметшілер, коммуналдық қызметтер, ПИК өкілдері қатысады. Сенбілікке қаланың жекеменшік ұйымдары мен ҮЕҰ мамандары да қатысып, Атырау қаласын көгалдандыруға өз үлестерін қосу жоспарланған.

Абай АҚМҰРЗИЕВ

Соңғы жаңалықтар