Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -26 °С
Алматы: -10 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

Атырауда заңсыз уылдырық сатып алған ливандыққа 1,1 млн теңге айыппұл салынды

2018 жылғы 14 ақпан 18:40 468
Поделиться:
Атырауда заңсыз уылдырық сатып алған ливандыққа 1,1 млн теңге айыппұл салынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Түркияға заңсыз сатып алған қара уылдырықты жібермек болған Ливан Республикасының азаматы Атырауда сот алдында жауап берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
«Төрт ағайынды» ісі: Мұнай ұрлағандардың бірі полиция басшысымен саунада танысқан Алматыда гранатамен ұсталған жігіт сотталды

«Сот отырысында анықталғандай, сотталушы 2017 жылдың қараша айында «Мерей» базарында өзіне таныс емес адамнан пластикалық ыдысқа салынған жалпы салмағы 2 келі болатын бекіре тұқымдас балықтың уылдырығын 120 000 теңгеге сатып алып, заңсыз сақтаған. Ол 2017 жылдың желтоқсан айында Ыстанбұл қаласына ұшып бара жатқан өзінің досы арқылы 4 пластикалық ыдысқа салынған уылдырықты беріп жібереді. Оны әуежайдағы полиция қызметкерлері тексеру барысында тауып алған. Ер адам сот үкімімен ҚР ҚК 339-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 500 АЕК мөлшерінде, яғни 1 134 500 теңге айыппұл төлеу міндеттелді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.


Басты сөздер: Заң, Сот, Атырау облысы,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Мұрағат