Атырауда заңсыз ақбалық аулағандар тобы ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда заңсыз ақбалық аулағандар тобы ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының  табиғат ресурстарын қорғау бөлімі қызметкерлерінің Контейнерный ауданында жүргізген балық қорғау шаралары барысында Москвич «ИЖ-комби» маркалы автокөлігі ұсталды.

ОҚО Түркістан қаласының 1990 жылғы тұрғыны тізгіндеген машинаның жүк салғышынан  жалпы салмағы 363 кг құрайтын сирек кездесетін - ақбалық табылды. Өзбекстан Республикасының азаматында балық аулауға рұқсат беретін құжаттар жоқ болып шықты. Балық ресурстарының шығыны 617 000 теңгені құрады», - деді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының ресми өкілі Олег Тушканов.

О.Тушканов «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне балықтың тәркіленгендігін және «Надежда» ЖШС-іне өткізіліп, көліктің күзет тұрағына жіберілгендігін  мәлім етті.

Жиналған материалдар ҚР ҚК 196 бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесін шешу мақсатында құқық қорғау органдарына жіберілді. 

Соңғы жаңалықтар