Атырауда велошеруге байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 30 сәуір күні Атырауда қайырымдылық велошеруінің өтуіне байланысты орталық көшелерде автокөлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Келесі дүйсенбі Атырауда «CharityBike Ride Atyrau - 2018» алғашқы қайырымдылық велошеруі өтеді. Жүгіру қашықтығы 9 шақырымды құрайды. Қатысушылар облыстық  академиялық драма театрынан шеруді бастап, Сұлтан Бейбарыс алаңына дейінгі мәре сызығын жүріп өтеді. Осыған орай, Атырауда 30 сәуірде 10:00-ден 13:00-ге дейін төмендегі автокөлік жолдары жабылады:
null 

- Драмтеатрдағы Абай көшесінен Махамбет көшесінің қиылысына дейін;

- Махамбет көшесінен Абай көшесінің қиылысы мен Азаттық даңғылына дейін;

- Азаттық даңғылы мен Махамбет көшесінің қиылысынан бастап Әуезов көшесіндегі айналма жолға дейін;

- Әуезов көшесіндегі айналма жолдан Жилгородок ықшам ауданындағы көпір арқылы Владимирский көшесіне дейін;

- Владимирский көшесінен Сәтпаев даңғылына дейін;

- Сәтпаев даңғылынан Орталық көпірге дейін.

Велошеруді ұйымдастырушылар Атырау қаласының тұрғындарынан уақытша туындайтын келеңсіздіктер үшін кешірім сұрайды.

Айта кетейік, велошеруге кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Тіркелу уақыты - 8.00, басталуы - 11.00-де. Велошеруге мына сілтеме арқылы тіркелуге болады.

Соңғы жаңалықтар