Атырауда вагондардың аударылу себебі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі Атыраудағы аударылып қалған вагондардың бастапқы себептерін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«23 қаңтар күні 08 сағат 44 минутта Атырау бөлімінің Шоқпартоғай разъезінде №2202 жүк пойызының бес вагоны аударылды. Оқиғаның бастапқы себебі - вагонның доңғалақтарындағы ақаудың болуымен байланысты»,-деп жазылған хабарламада.

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Пойыздар кестеге сәйкес жүріп жатыр.

Себептерді анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүргізілу үстінде.

Еске сала кетейік, Атырау облысында егін тиелген вагондар рельстен шығып кеткен болатын. Жүк пойызы Қостанай облысынан Ақтаудағы теңіз портына бара жатқан.

Соңғы жаңалықтар