Атырауда ұлттық қолөнер шеберлеріне тегін сабақтар өткізіліп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал дизайнер Ырза Тұрсынзада өткізген шеберлік сабағына бүгін 200-ден астам атыраулық қолөнерші қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Атырау облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Құрақ тігуден тегін сабақтар циклі алғаш рет өтіп жатқан Халықаралық «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» форумының аясында жалғасуда. Дизайнер Ырза Тұрсынзаданың айтуынша, тегін шеберлік сабақтарының мақсаты - ежелгі ұлттық қолөнер дәстүрін дамыту.   

«Мұндай шеберлік сабақтары Атырауда екінші жыл қатарынан өтіп жатыр Қолөнер сабағына келіп жүрген қыздар қазір өз істерін ашуда», - дейді Ырза Тұрсынзада.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық қолөнер сабақтары үш күнге жоспарланған. 15-16 наурыз күндері шеберлік сабақтары Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтеді.

Соңғы жаңалықтар