Атырауда түсік тастаған әйел хәл үстінде жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда іштегі нәрестесінен айырылған 40 жастағы әйел жасанды ұйқыға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әйел облыстық аурухананың жансақтау бөліміне өткен аптаның соңында жатқызылған. Оның аяқасты дене қызуы көтеріліп кеткен.

Сәрсенбі күні жасанды түсік жасау туралы шешім қабылданған. Алайда одан кейін де әйелдің беті бері қарамаған.

«Қазіргі таңда әйел ауыр халде жатыр. Дәрі егіп, ұйықтатып тастадық. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің денсаулығын жіті қадағалап отыр. Оны сауықтырып шығару үшін барлық жағдай жасалып жатыр» делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Еске сала кетейік, Атырау облысындағы перинаталдық орталықта қараша айының басында жүкті әйел босана алмай қайтыс болған еді. Қазіргі таңда бұл оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар