Атырауда түрме қызметкерлеріне сот үкімі шықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың №2 қалалық сотында билік немесе қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталған УГ-157/9 мекемесінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Тергеу барысында анықталғандай, УГ-157/9 мекемесінің қызметкерлері Ж.Д. және А.Е. жазасын өтеп жатқан Т.М.-ға ішкі тәртіп талаптарын орындамағаны үшін күш қолданған», - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот отырысында айыпталушылар кінәларын мойындады.

«Ж.Д.-ға ҚР Қылмыстық Кодексінің 370-бабы 2-бөлігі бойынша жаза тағайындалды. Оған қатысты аға лейтенант шенінен айыру, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру, 3 жылға бас бостандығын шектеу үкім етілді.

А.Е. ҚР ҚК 362-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп табылып, шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол капитан шенінен, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан да айырылды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар