Атырауда төгіліп жатқан мұнай тоқтатылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы мұнай айдау станциясында төгіліп жатқан мұнай тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2018 жылдың 15 қаңтарында электрмен жабдықтаушы ұйымның кернеуді күшейтіп жіберуіне байланысты «КазТрансОйл» АҚ қарасты А.Құлтумиев атындағы Құлсары мұнай құбыры басқармасында мұнай төгілді. 12:42-де  апатқа қарсы жүйе іске қосылды. Салдарынан №7 мұнай жылыту пешіндегі электр жетегі арқылы жұмыс істейтін жылжытпа  толықтай ашылып кеткен. Жылжытпаның ашылуынан мұнай дренаж ыдыспен қоса жер қабатына да төгілді. Қазір бүлінген жер қабаты тазаланып, рекультивация жұмыстары жүргізілуде»,-деп хабарлайды «КазТрансОйл» АҚ.

Төгілген мұнайдың көлемі жайлы ақпарат анықталып жатыр.

«КазТрансОйл» АҚ нысандары мен мүліктері бүлінген жоқ. Оқиға орын алған жер тұрғын үй аудандарынан алыс орналасқан. Қоршаған ортаның бүлінуі жайлы факті тіркелген жоқ»,-деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар