Атырауда «Таблиғи жамағат» экстремистік ұйымының мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласының №2 сотында кеше Алматы, Атырау және ШҚО-ның алты тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. 

Сотталушылардың барлығы да Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи жамағат» экстремистік ұйымын ұйымдастырып, ұйым жұмысына қатысқаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Сот процесі барысында анықталғандай, «Таблиғи жамағат» ұйымының барлық мүшелері Үндістан, Пәкістан, Бангладеш және БАӘ елдеріндегі оқу орталықтарында діни білім алған. Оқуды аяқтағаннан кейін сотталушылар алдымен тыйым салынған экстремистік ұйымның идеясын Алматы, кейін 2016 жылы Маңғыстау мен Атырау облыстарында тарата бастаған. Ұсталған уақытта олардан орыс және қырғыз тілдеріндегі діни оқулықтар тәркіленген.

Сотта сотталушылар кінәсін ішінара мойындады. Оларға қатысты «қамауда ұстау» шарасы өзгеріссіз қалды. Сотталушылардың бәрі де отбасылы, балалы болған.

Сот үкімімен экстремистік ұйымныңі 6 мүшесі ҚР ҚК 405-бабы 1 және 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Үкім бойынша, ұйымның ең белсенді мүшесіне 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал қалған бесеуі 2 жылға тоғытылды. Сондай-ақ олар екіден үш жылға дейін Қазақстанда рұқсат етілген діни ұйымдар мен бірлестіктерде діни уағыз жүргізу құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар