Атырауда студенттік кампус салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау мұнай жəне газ университетінің жаңа студенттік қалашығын салуға 200 гектар жер бөлінеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты .

Бұл туралы бүгін университеттің қамқоршылар кеңесі мəжілісінде айтылды. Жаңа нысан құрылысына жер бөлу мəселесі облыстық əкімдікте қаралып жатыр.

Студенттер қалашығы спорттық, оқу-технологиялық, зерттеу зертханаларынан, тұрғын жайлардан тұрады. Кампуста студенттер күні бойы оқып, тəжірибе жинақтауға қажет жағдайдың бəрі жасалады. Студенттерге қызмет көрсету орталығы салынады, ол «бір терезе» қағидасы бойынша жастарға қызмет түрлерін ұсынады.

Айта кетейік, қазір Атырау мұнай жəне газ университетіне атау беру рəсімі жүріп жатыр. Жаңа атаққа сай болу үшін оқу орнының ректораты оқу корпустарын жаңартып, заман талабына сай жабдықтармен қамтып, ғимараттар салуды қолға алған.

-Біз оқу орнымыздың білімі ресейлік Губкин атындағы университеттен кем болмағанын қалаймыз. Осы мақсатта еңбектеніп жатырмыз. Жаңа студенттік қалашық мұнай-газ саласындағы отандық мамандарды дайындау, оқыту ісінде сапаны арттырады деген ойдамыз,-дейді университет ректоры Əли Əбішев.

ЖОО қамқоршылық кеңесінің төрағасы  облыс əкімі Нұрлан Ноғаев студенттік қалашық салу идеясын қолдайтынын айтып, жер бөлу жайы қаралып жатқанынан хабардар етті. Атырау мұнай жəне газ университетінде студенттік қалашық құрылысы алдағы жылы басталады деп жоспарлануда. Алдын ала ақпарат бойынша, қалашық Махамбет ауданының аумағында бой көтеретін болады.

Соңғы жаңалықтар