Атырауда соқырішегіне ота жасатқан 5 жасар бала көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайғылы оқиға 26 ақпан күні сағат 19.00-де облыстық балалар ауруханасында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап. 

Бұл туралы облыстық балалар ауруханасының меңгерушісі Нұрқабыл Айтмұхамбетов мәлім еткен.
«Қайғылы жағдай кеше кешкісін болған. Баланың соқырішегі немесе аппендицитін алып тастау бойынша операция жүргізілді. Өкінішке орай, анестезия кері әсер берді, бұл адам ағзасының күтілетін реакцияларының бірі, содан бала қайтыс болды. Қазіргі таңда бірқатар сараптама тағайындалды», - деді Нұрқабыл Айтмұхамбетов.
Медициналық мекеменің меңгерушісі тергеу ісі аяқталғанға дейін, қайғылы жағдай туралы ақпарат беруден бас тартты.
Қайтыс болған бала - Атырау қаласының тұрғыны.


static.wixstatic.com сайтынан алынған иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар