Атырауда шенеуніктердің неліктен жұмыстан кеш шығатыны белгілі болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда шенеуніктердің жұмыстан кеш шығуының себебі екені айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті әдеп кеңесінің мүшелерімен бірге үш ай бойы шенеуніктердің жұмысқа кешігу себебін анықтау бойынша жұмыс істеді. Арнайы құрылған топ көптеген мемлекеттік органдарда болып, зерттеу жүргізді, тіпті шенеуніктердің арасында сауалнама да ұйымдастырылды. Зерттеу нәтижелері негізінен бұрыс жоспарланған жұмыс, шұғыл тапсырмалар, сондай-ақ күннің екінші жартысында өткізілетін жиналыстар қызметшінің жұмыста ұзақ уақыт қалып қоюына себеп болатынын көрсетті», - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басқармасының басшысы Ольга Шиян.

Топ жұмысының қорытындыларына орай тиісті ұсыныстар ортаға салынып, мемлекеттік органдарда жұмысты тиімді жоспарлау бойынша кеңестер берілді.

Соңғы жаңалықтар