Атырауда шенеунікке 18 млн теңге айыппұл салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Сот Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының орынбасарына 18 млн теңге айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 2 тармағы бойынша айыпталған К.К. атты азаматқа қатысты сот мәжілісі өтті. Ол қалалық түрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының орынбасары болып тұрып, 2017 жылдың желтоқсанында мемлекеттік бағдарламамен үй алуға қолғабыс еткені үшін 300 мың теңге көлемінде пара алған. Сот мәжілісінде айыпты азамат өзінің айыбын мойындап, процессуалдық келісім жасау туралы өтініш білдіріп, прокурормен процессуалдық келісім жасалды»,-деп хабарлады Атырау қалалы №2 сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімімен прцессуалдық келісім бекітілді. Аталған келісім талаптары бойынша айыпты азаматқа алған парасының 60 есе ұлғайтылған көлемінде, яғни 18 млн теңге айыппұл салынды. Оған мемлекеттік қызметте қандай да бір лаузымды қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар