Атырауда шекарашы мен бөлім командирі жазаланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда брокеньерлердің қойған ауынан балық қарап жүрген шекарашы мен бөлім командирі жазаға тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқиға Жайық өзенінде болған. Балық қорғау инкспекторы шекара қызметінің старшинасын екі белгісіз азаматпен бірге ауларды тексеріп жатқанын байқаған. Оларды қолға түсіру кезінде қайық «Еуразия» шекара бекетіне жасырынып қалған. Жазбаша түрдегі ақпарат әскери прокурорға жолданған.

«Әскери прокуратура ҚР ҰҚК ШҚ өңірлік жағалық күзету басқармасына қызметтік тексеру жүргізу туралы тапсырма берілген. Қызметтік тексеру нәтижесінде ПКА-а621 «Қарлығаш» командирі 3 дәрежедегі старшинасы Денис Шаховты қызметінен төмендетіп, жүзу құрамындағы қызметке байланысты емес қызметке тағайындау туралы шешім қабылданған», - деп хабарлады Батыс өңірлік әскери прокурорының уақытша міндетін атқарушы әділет капитаны Алтай Молдабаев.

Оның айтуынша, 2201 «Г» әскери бөлімінің командирі міндетін атқарушы подполковник Ризабек Еңсебаев қызметінен босатылып, ҚР ҰҚК ШҚ директорының қарауына берілді. 

Соңғы жаңалықтар