Атырауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6000 адам кітап сыйлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау облысында «Қадірлі сыйлық» жобасының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жобаның мақсатына орай мектеп кітапханасына ерікті түрде кітап сыйлау акция¬сы ұйымдастырылды.

Облыстың 192 жалпы орта білім беретін ұйымдары, 25 кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында аталған акция бірауыздан қабыл алынып, салтанатты түрде ұйымдастырылған шара оқушылар мен студенттердің ерекше ықыласына ие болды.

Шара Атырау қаласының Сарықамыс ықшам ауданында орналасқан №33 орта мектепте ерекше жағдайда аталып өтті. Шараға Сарықамыс ауылының көнекөз қариялары, ата-аналар, кәсіпкерлер, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғалымдары, облыстық әкімшіліктің, білім басқармасының мамандары қатысты.

Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, ата-аналар, педагогтар мен кәсіпкерлер мектеп кітапханасына қызықты кітаптар сыйлады.

Жалпы алғанда облыс көлеміндегі шараларға 6000 адам қатысты. Оның ішінде ата-аналар, педагогтар, оқушылар мен студент жастар.

Соңғы жаңалықтар