Атырауда Рухани келісім күні аталып өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Рухани келісім күні аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекеге арналған салтанатты шараға өңір басшысы Нұрлан Ноғаев қатысты.

«Кеңес Одағы ыдыраған соң кейбір сарапшылар Қазақстанның болашағына күмән келтірді. Өйткені олар 100-ден астам ұлт өкілдері тұратын елдің болашағының жарқын болатынына сенбеген еді. Алайда, елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан төзімділік, келісім мен гүлденудің символына айналды»,-деді Нұрлан Ноғаев.

Шара барысында рухани келісімді нығайтуға үлес қосқандары үшін бірқатар азаматтар облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың арасында: ақсақалдар алқасының мүшесі Гизат Сүйінғалиев, Атыраудағы Апостол әкімшісі Дариуш Бурас, «Вайнах» чешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Зелимхан Зубариев пен «Прикаспийская коммуна» газетінің қоғамдық-саяси бөлімінің бұрынғы басшысы Любовь Монастырская бар.

Соңғы жаңалықтар