Атырауда полицей әйел мен баланы қағып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда полиция сержанты жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мақат ауданы ішкі істер бөлімшесінің 24 жастағы полиция сержанты 18 қазан күні шамамен кешкі сағат алтыда реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде адамдарды қағып кетті. 1991 жылы туған әйел мен 2012 жылы дүниеге келген бала қажетті көмектер көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Тергеу жұмыстарымен Атырау облыстық ІІД айналысуда. Сот-медициналық сараптамасы жаяу жүргіншілер алған жарақаттардың дәрежесін анықтағаннан кейін істің қылмыстық, не әкімшілік болатыны туралы шешім шығарылады», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы аталмыш факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізуде. 

Соңғы жаңалықтар