Атырауда педофилге қатысты іс сотта қаралуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 8 жастағы қызға зорлық жасады деп айыпталған 28 жастағы Арман Рсалиевтің ісін қарап жатыр, деп хабарлайды mgorod.kz .

Бесікті кентінің тұрғыны үстінен қозғалған іс бойынша сот 6 қыркүйекте басталды. Арман Рсалиев ҚР ҚК-нің 120-бабының 4 бөлігі 10, 14 тармақтары және 99-баптың 2 бөлігі бойынша айыпталып отыр.

Тергеу мәліметтері бойынша, 8 жастағы қыздың көршісі  ішімдікке мас болып, оны Жайық өзенінің жағасына алдап апарып, зорлаған. Қылмысын жасыру үшін оқушыны өзенге батырып жіберген.

Сот жабық режімде өткізілуде.

Еске сала кетсек, 8 жасар Айкөркем Алдамжар биыл 15 маусымда мектептегі лагерьден оралмаған . Қыздың шешесі ол келмеген соң полицияға арызданған. Оқушының денесін іздеу 5 күнге созылды.  

Соңғы жаңалықтар