Атырауда педофилді 15 жылға соттады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында педофилге қатысты үкім шығарылды. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Сот қаралымы барысында белгіленгендей, 2017 жылдың 17 сәуірінде Мирный кентінде К.есімді тұрғын мас күйінде 9 жасар қызды күшпен зиратқа алып барып, зорламақшы болған. Қыз мас зорлықшыдан құтылып шығып, үйіне қашқан. К.-ның айыбы сотта тергеу мен куәгерлердің куәлік етуімен дәлелденді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Соттың, сондай-ақ алқабилер сотының үкімімен педофил қылмыс жасады деп айыпталып, ҚР ҚК 120-бабы 4-тармағы, 24-бабы 3-тармағы (кәмелетке толмаған баланы зорлауға оқталу) бойынша қатаң режимдегі колонияда 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар