Атырауда пара алған полицей жазаланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық полицей 14 мың теңге пара алғаны үшін 840 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Атырау қаласының № 2 сотында қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібімен аяқталған. Сотта анықталғандай, сотталушы К. Атырау қаласы ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полиция батальонының полиция сержанты бола тұра, 2017 жылдың қараша айында Атырау-Доссор тас жолының бойында кезекшілікте тұрған кезінде Өзбекстан Республикасының азаматы Э.-ның басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан. Аталған көлікті тексеру барысында ол көліктің артқы салонында отырған Өзбекстан Республикасының екі азаматының қауіпсіздік белдігін тақпай отырғанын байқап, оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыратындығы туралы ескерткен. Алайда, хаттаманың орнына ол жүргізуші Э.-ден 14 000 теңге көлемінде пара талап еткен», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Сот үкім шығаруда сотталушының кінәсін мойындауын ескерген. Оны ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған құқық қорғау органдарында лауазымды қызметтер атқару құқығынан өмір бойына айырып, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 840 000 теңгеге айыппұл салу жазасын тағайындады.

Соңғы жаңалықтар