Атырауда өрттен қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жатақханадағы өрттен қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «PSI Story industriya» АФ ЖШС мердігерлік ұйымының жобалық менеджері Ержан Садырбалин  хабарлады.

Атырау облысы әкімінің  бірінші орынбасары Сағындық Лұқпановтың басшылығымен жергілікті атқарушы органдар тарапынан жедел штаб құрылды. Жедел штаб құрамына Атырау облысы ІІД тергеу жөніндегі орынбасары Н.С.Мүлтағуллин, Атырау облысы ТЖД басшысы С.С. Өмірзақов, Атырау облысы ТЖД басшысының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Р.Б.Біләлов, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшысы А.Д. Жұманов, Атырау облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша оқу жаттығу бекеттері басшысы Ж.У. Бержанов, «PSI Story industriya» АФ ЖШС мердігерлік ұйымының өкілі, Қарабатан компаниясының тапсырыс берушісі АҚШ өкілі С.Шамин кірді.

Атырау облысы ТЖД басшысының орынбасары Замир Бердашевтың  айтуынша, қазіргі уақытта жұмысшылардың бірінің денесінің 65 %-ын күйік шалып жансақтау бөлімінде жатыр, оның  денесінің жоғары жағы және жоғарғы тыныс алу жолдарын күйік шалған, екінші зардап шегушінің денесінің 10-15%-ын күйік шалған, ол жарақат бөліміне орналастырылған. Олардан бөлек төрт жұмысшының екеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілген, оларға амбулаториялық емдеу тағайындалып қайтарылған.

«Өрт таңертең сағат 8.10-да шыққан, 8.19-да өрт туралы ақпарат «Батыс сервис плюс» Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметіне келіп түсті. Біз 42 шақырым қашықтықта болдық. Біздің бөлімшелер өрт орнына келді. Сондай-ақ 10 шақырым қашықтықта НСОС компаниясының Қарабатандағы апаттық қызметі орналасқан, оларда өрт сөндіру жұмысына қатысты», - деді Замир Бердашев.

«PSI Story industriya» АФ ЖШС мердігерлік ұйымының жобалық менеджері Ержан Садирбалиннің айтуынша контейнерлік жатақханада болған өрт салдарынан қаза болған барлық адамдар ОҚО-ның азаматтары, олар жөндеуші-монтаждаушы болып жұмыс жасаған. Компания өкілінің айтуы бойынша қазіргі уақытта аталған нысанның жұмысы тоқтатылған. Компания басшылығы қаза болғандардың отбасына материалдық өтемақы төлеп, сондай ақ зардап шеккендердің емделуін өз мойнына алады.

Қазіргі уақытта өрт болған жерде шұғыл тергеу тобы жұмыс істеуде. Тексеру нәтижелері кейінірек хабарланатын болады.

Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Өрт 480 шаршы метр аумақты шарпыған, өрт сөндіруге жеке құрамның 36 адамы және 11 техникасы қатысқан.

Соңғы жаңалықтар