Атырауда өртеніп жатқан қоқыс полигонының видеосы жарияланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Атыраудың көптеген шағын аудандарындағы адам тұншығатын иіс қоқыс полигонынан таралған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қалаға қарай кетіп бара жатқан баған түтінінің көтеріліп жатқан видеосын Катерина Ландышева атты қолданушы өзінің парақшасына жариялаған. Видеода қалалық қоқыс үйіндісінің жанып жатқаны айтылады. Ол жерде от жетіп үлгермеген ескі автомобиль шиналарының үймесі жиналғаны көрініп тұр.

«Осы ауамен біз және біздің балаларымыз тыныс алып жатыр», - дейді жазбаның авторы.

Атырау облыстық ТЖД хабарлағандай, жанып жатқан қоқысты сөндірумен «Арнайы автобаза» қызметкерлері айналысуда. Өрт сөндірілді. Алайда, қоқыстан шығып жатқан түтін қатты болмаса да, тоқтаған жоқ. Жел бағытын өзгертіп, енді түтін қаланың қарама-қарсы бетіне қарай кетіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар