Атырауда оқырмандар газеттің қағаз нұсқасын сақтап қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Оқырмандар Атыраудың қалалық газеті «Ақ Жайықтың» қағаздағы нұсқасын сақтап қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жуырда 2018 жылға газетке жазылу жүргізілмейтінін, қаңтардан бастап «Ақ Жайықты» біздің azh.kz сайтынан және әлеуметтік желілерден электронды нұсқада оқи алатындарыңызды хабарлаған едік. Оқырмандардан, әсіресе, газеттің қағаз нұсқасына үйреніп қалған аға буын өкілдерінен көптеген қоңыраулар, өтініштер мен  шағымдар түскеннен кейін 2018 жылы да «Ақ Жайықты» жаңа, анағұрлым ықшамдалған түрде басып шығару туралы шешім қабылданды», - делінген басылымның сайтында.

Бұған дейін таралымы 20 мыңнан 4 мыңға дейін қысқарып кеткен газет жаңа жылдан бастап баспадан шығарылмайтыны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар