Атырауда оқушылардың республикалық олимпиадасы өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда жаратылыстану-математика пән бағыттары бойынша 20-сыншы республикалық олимпиада басталды. Оған 800-ге жуық оқушы қатысуда, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кеше Атырауда аталған республикалық олимпиаданың ашылу салтанаты өтті. Олимпиадаға еліміздің 14 облысынан, Астана, Алматы қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан және Назарбаев зияткерлік мектебінен 19 команда қатысуда.

Жайық спорт кешенінде өткен олимпиаданың ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арнайы келіп, оқушыларға сәттілік тіледі.

«Осындай іс-шараларды өткізу мемлекет басшысының ар адамның әлеуетін арттырып, адами капиталды байыта отырып, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған міндеттерін жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаев білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөледі. Сіздердің ендігі міндеттеріңіз сол мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, білімдеріңізді әрі жетілдіре отырып, бәсекелестікке сай болатын азамат болып тәрбиеленуге өз-өздеріңізді дайындау. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Кішкентай жеңістің барлығы үлкен жеңістің бастамасы екенін естен шығармаңыздар»,- деді Нұрлан Ноғаев.

null 

800-ге жуық оқушы қатысатын республикалық олимпиада 20 наурызға дейін жалғасады. Олимпиададан тыс уақытта оқушылар қаладағы білім ордаларымен, мәдени-тарихи орындармен танысып, психологиялық тренингтер мен спорттық шараларға қатысады.

null null 

Соңғы жаңалықтар