Атырауда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотека беріле бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпрат - Ипотекалық қарыздарды субсидиялайтын «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтер алушылардың алғашқы легі қоныстана бастады, деп хабарлайды.

Бұл туралы Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ аймақтық өкілдігінің директоры Әлімжан Дабысов мәлімдеді.

Тұрғын үй құрылысына қатысты «Нұрлы жер» жаңа бағдарламасының шеңберінде 2016 жылдан бастап коммерциялық банктердің ипотекалық қарыздарын субсидиялау бағыты қарастырылған. Қарыз алушының субсидияланатын қарыз бойынша түпкілікті төлемі 10 пайыз болады, қалған бөлігін ҚИК төлейді.

Айта кету керек, қарыз беру мен рәсімдеу ісінде банктер ешқандай комиссия ұстамайды. Аталған бағдарлама бойынша тек бастапқы баспана алуға ғана мүмкіндік бар, ол үшін тұрғын үй құнының 30 пайызы алғашқы жарна ретінде төленеді, қалған қарыз 10 жылға субсидияланады. Алматы мен Астанада несиенің субсидияланатын жоғары мөлшері 20 млн теңге, облыстарда - 15 млн теңге.

«Бүгінде ипотека нарығында мөлшерлеме өте жоғары. Банктерде «ұзаққа берілетін» ақша жоқ, болса да оның құны қымбат тұрады. Бұл қарыз алушы үшін де, банк үшін де тиімсіз. Осы мәселені шешу үшін ипотекалық қарыздар бойынша мөлшерлемені субсидиялау бағдарламасы қолға алынды. Қарыз алушы ипотеканы арзанға алады, ал банк өз мөлшерлемесін мемлекеттік субсидиялау арқылы алады. Осындай механизм ипотекалық нарықты дамытуға, тұрғын үй құрылысына қарқын беруге, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Біз қаржылық оператор ретінде бағдарламаның жұмыс істеуіне, ел экономикасы мен халықтың игілігіне пайда әкелуге бар күшімізді саламыз», - дейді «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ Атырау аймақтық өкілдігінің директоры Әлімжан Дабысов.

Бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Атыраудағы төрт банк ипотеканы субсидиялауға өтініш қабылдап жатыр. Олар: «Банк Центр Кредит», «АТФ Банк», «Сбербанк» және «Банк ВТБ». Жуырда «Bank RBK» мен «Нұрбанк» да бағдарламаға қосылады деп жоспарлануда.

Атырау қаласы бойынша «Банк Центр Кредитке» жалпы сомасы 32 888 900 теңге болатын 4 өтініш түскен. Оның барлығы да мақұлданды.

Жаңа бағдарламаның жақсылығын көрген отбасылардың бірі - Азамат пен Анна. Аден атты ұлдары мен Агния атты қыздары бар жанұя Атырауға Ресейден төрт жыл бұрын қоныс аударған. Осы уақыт бойы пәтер жалдап келген олар баспанаға ие болудың барлық мүмкіндіктерін қарастырыпты. Осы жылдың басында бір банктен кездейсоқ «Нұрлы жер» бағдарламасы туралы ақпаратты көреді. Көп ойланбай, бағдарламаға қатысуға бел буған отбасы «Нұрсая» ышқамауданынан жаңа да жайлы пәтер алды. «Банк қызметкерлерімен сөйлестік, олар кеңес берді. Құжат жинап, бір-екі апта жауап күттік. Баспаналы болатынымызда естігенде қатты қуандық. 

Бағдарламаның артықшылығы - пайыздық мөлшерлемесі төмен, 5 пайызын мемлекет төлейді. Сонда біз айына 70 мың теңгедей үнемдейді екенбіз. Бұған дейін бұрын пайдаланылған пәтерлерді қарап жүретінбіз, енді міне өзіміздің жап-жаңа үйіміз бар», - дейді Анна Сүйінбаева.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздарды субсидиялауға жыл сайын 10 млрд теңге бөлінеді. Болжам бойынша бұл бастапқы баспана сатып алу кезінде 120 млрд теңге болатын 8 мың қарызды қамтиды. Осылайша «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру еліміздегі тұрғын үй құрылысының дамуына қарқын бермек.

Соңғы жаңалықтар