Атырауда Нұрлан Оразалин мен Смағұл Елубайдың шығармашылық кеші өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрында белгілі қаламгерлер Нұрлан Оразалин мен Смағұл Елубайдың шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Шығармашылық кешке адамдар қарасы көп жиналды. Шараны Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев та тамашалады. Кеш барысында Нұрлан Оразалин əдебиетке қатысты əңгімелер мен ғұмырбаяндық естеліктерін айтты. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы туралы ойымен бөлісті.

«Мақала ұлтты ұйыстыруды мақсат еткен жаңа тарихи құжат. "Мəңгілік ел" идеясын жүзеге асыру арқылы бəсекеге қабілетті азаматтарды тəрбиелеуге айрықша көңіл бөлініп отыр. Өскелең ұрпақты қазақ халқының жалпы ұлттық құндылықтарын бағалай білуге тəрбиелеу жайы осы мақалада нақты көрсетілген»,- деді Нұрлан Оразалин.

Смағұл Елубай да Нұрлан Оразалиннің пікірін қуаттап, жас ұрпаққа Тəуелсіз Қазақстанның жаңа тарихын жасау жауапкершілігі жүктелгеніне тоқталды. Атырау облысына сапарларында қос қаламгер аймақтағы жас əдебиетшілермен де жүздесті.

Соңғы жаңалықтар