Атырауда Наурызға тігілген әдемі киіз үйлерге байқау жарияланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Ұлыстың ұлы күніне арнап 40-тан астам киіз үй тігіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Негізгі мерекелік шаралар облыс әкімдігінің алдындағы «Бейбарыс сұлтан» алаңында өтеді. Қазір онда тігілген киіз үйлердің саны 23-ке жетті. Бұдан тыс, қаладағы 7 алаңда ойын-сауық ұйымдастырылады. Орталық «Иманғали» мешітінің аумағында, «Жеңіс» саябағында, Авангард, Привокзальный, Балықшы, Жилгородок, Нұрсая ықшамаудандарында қазақтың ақ киіз үйлері тігіліп жатыр.

«21 наурызда «Бейбарыс сұлтан» алаңында түрлі ұйымдардың ұжымдары арасында ұлттық салт-дәстүрлер бойынша байқау өтеді. 22 наурызда театр көріністері, ұлттық ойындар, спорт жарыстары ұйымдастырылады. Мерекеде ең әдемі киіз үй иесіне 300 мың теңге сыйақы тапсырылады. Ал екінші орынға - 200 мың, үшінші орынға - 100 мың беріледі», - дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Құралай Құмарова.
null


null  

Соңғы жаңалықтар