Атырауда мұнай төгілген кен орнының топырағы тексеріліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының экология департаменті мұнай төгілген кен орнының топырағын тексеруді бастады. Жылыой ауданында 23-ші ақпан күні, «Морское» мұнай кен орнында, № 502 мұнай ұңғымасында мұнай төгілу орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

750 шаршы метр аумаққа мұнай төгілген. Мұнай тек бұрғылау қондырғысының аумағына ғана төгілген. Қазіргі уақытта аумақ, төгілген мұнай қалдықтарынан тазаланды, мұнай қалдықтарын Маңғыстау облысындағы мұнай қалдығын қабылдайтын арнайы полигонға жөнелту жұмыстары жүргізілуде.

Атырау облысы экология департаменті мамандары топырақтың ластану дәрежесін анықтау үшін және қоршаған ортаға келтірілген залалдың деңгейін анықтау үшін топырақ сынамасын алды.
«Төгілген мұнай салдарын бағалау үшін, біз бірқатар қажетті рәсімдерді өткіздік»,- деп хабарлайды Атырау облысы экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі басшысы Абзал Теміров.- Сараптама нәтежиелері белгілі болғаннан кейін қоршаған ортаға келтірілген залал деңгейі бағаланады. Сондай ақ, мұнай төгілу оқиғасын уақытылы хабарламағаны үшін, жер қойнауын пайдаланушыға қатысты шаралар қабылданады».
Жылыой ауданының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлының хабарлауынша аталған аумақта оқиғаның себептерін анықтап, мұнай төгілу салдарын жою мақсатында, экология департаментінен бөлек, барлық жауапты органдардың өкілі жұмыс атқаруда. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.







Соңғы жаңалықтар