Атырауда мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ құрықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Теңіз мұнай-газ кешені нысандарындағы жанар-жағармай материалдарының жүйелі ұрлануына күдікті ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері қамауға алынды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қылмыстық топ мүшелері мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, тарату, сақтау, сондай-ақ мұнайды олардың алынған жерін заңды түрде растайтын құжаттарсыз өңдеу бойынша айыпталуда. Осы факті бойынша ҚР ҚК 197-бабы, 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұйымдасқан топтың екі мүшесі қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - дейді №2 қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, 6 қыркүйекте Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҰҚҚД, ІІД және МКД қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы Теңіз кені нысандарынан жанар-жағармай материалдарын ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген болатын. Кейін алынған мұнай өнімдері саудаланатын болған.

Қылмыстық топ мүшелерінен жалпы көлемі 200 тонна болатын дизель жанармайының ыдыстары табылған, олардың жанар-жағармай материалдарын сатып алу бойынша заңсыз қызметке қатысы барын дәлелдейтін құжаттық және басқа материалдар алынған. Облыстық прокуратураның мәліметтері бойынша, осы қылмыстық іске барлығы 11 адам күдікті болып отыр.

Соңғы жаңалықтар