Атырауда «Мерейлi отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының үздіктері анықталды. Өңірде жеңіске жеткен екі отбасы күзде республикалық деңгейдегі байқауға Атырау облысы атынан қатысатын болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Әр аудан мен Атырау қаласынан қатысушылардың жалпы санынан төрт отбасы іріктеліп алынды, олардың құжаттары конкурстық комиссияға жолданды. Өткен жылы Атырау облысында «Мерейлi отбасы» байқауына 87 отбасы қатысса, биыл олардың саны 97-ге жетті», - деді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Злиха Таласбекова.

Оның айтуынша, байқау қатысушылары отбасыларының тарихы туралы баяндайтын қысқаша видеофильм түсірген. Онда отағасының еңбек жолындағы жетістіктері, олардың балалары, немерелері мен шөберелері туралы баяндалған. Ересектердің еңбек жолындағы жетістіктері есепке алынса, олардың балалары мен немерелерінің - спорттағы немесе оқудағы жетістіктері жеңімпаз атануда басты рөл ойнады. Байқау барысында отбасының ересек мүшелерінің жалпы еңбек өтілі, олардың ел немесе өңір экономикасының дамуына қосан үлестері назарға алынған.

null

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен конкурстық комиссия отырысы өткен, онда 32 отбасының құжаттары қаралған.

Байқау нәтижесі бойынша, ұлттық конкурстың республикалық кезеңіне Атырау облысы атынан Асабаевтар мен Жұмағазиевтер отбасы қатысатын болады. 

Соңғы жаңалықтар