Атырауда мемлекеттік қызметкерлерге арналған жол картасы жасалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда мемлекеттік сатып алуларға қатысушы мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Жол картасы» жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жол картасының» негізгі мақсаты - мемлекеттік сатып алулар саласында құқықбұзушылықты азайту ғана емес, сонымен қатар, түрлі ведомство қызметкерлерінің заңды білмеуі салдарынан жіберілетін қателіктердің алдын алу. Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне арналған құжаттарды Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі департамент өкілдері әзірледі.

Жоспарға сәйкес, облыста мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша практикалық сабақтарымен жаппай техникалық оқыту жүргізіледі. Сәуір айында мемлекеттік ішкі аудит департаментінде Жылыой ауданындағы мемлекеттік қызметкерлер білім алды. Мамыр айында Құрманғазы ауданындағы бюджет саласы қызметкерлері білімдерін толықтырады. 

«Біз заңнама ережелерін түсіндіре отырып, семинар-жиналыстар өткіземіз. Веб-порталмен жұмыс істеу, шарттардың жасалу жолдары, қызмет көрсетушілерді қандай талаптар бойынша таңдау керектігі түсіндіріледі. Алдағы уақытта мемлекеттік сатып алулар саласында заң бұзушылықтар саны азаяды деп сенеміз», - дейді ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері. 

Соңғы жаңалықтар