Атырауда мектептің шатырының бір бөлігі ұшып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы жаңа мектептің шатырының бір бөлігін қатты жел ұшырып әкетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жеткен қатты жел Доссор Мақат кентіндегі О.Сарғұнанов атындағы орта мектептің шатырын жұлып кетті. Желдің әсерінен жалпы көлемі 5 мың шаршы метр болатын шатырдың 48 шаршы метрі бүлінген. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлайды Атырау облысының ТЖД.

Аталған мектеп 2017 жылы ғана пайдалануға берілген. Жазда осы мектептің шатырының бір бөлігіне қатты желден зақым келген болатын. 

Соңғы жаңалықтар