Атырауда мектептерге автобус сатып алу үшін 120 млн теңге бөлінді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында тағы да қосымша 9 мектепке автобус алынды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен жылы облыс орталығы мен қала маңындағы ауылдардағы 14 мектеп балаларды тасымалдауды жүзеге асырды, биыл қосымша 9 мектепке автобус алынды.

-Өткен оқу жылында қала мен оның маңындағы селолық округтердегі мектептен үш шақырым алыста тұратын 3318 оқушы тасымалданды. Атап айтсақ, №4,№5,№6,№25,№32,№36 жəне Еркінқала, Қ.Смағұлов, Бесікті, Б.Нысанбаев, Т.Амандосов, М. Өтемісов, Жамбыл, Амангелді атындағы мектептер. Биыл жергілікті бюджет қаржысына қосымша автобустар сатып алынды, соның арқасында тасымалдаумен қамтылатын балалар саны да көбейді,- деді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Светлана Аманшиева.

null 

Соңғы жаңалықтар