Атырауда күкірт түйіршіктеу зауыты салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында күкірт түйіршіктеу зауытының құрылысы аяқталуға шақ қалды. Зауытта Қашаған кенінің мұнайын тазартудан алынған күкірт өңделетін болады, деп хабар береді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жаңа нысан екі бөліктен тұрады, олар: күкірт өндіретін зауыт және өнімді экспортқа шығаратын теміржол кешені. Күкірт өндіру зауытында күкірт алатын қондырғы, қалдық газдарды тазарту қондырғысы, сұйық күкірт сақталатын қойма, күкірт блоктары сақталатын нысандар бар. Ал теміржол кешенінде түйіршіктелген күкіртті сақтау, оны теміржол көлігіне шығару мәселелері жоспарлануда. Зауыттың өзінде тәулігіне 4500 тоннаға дейін күкірт өндіруді жоспарлап отырмыз. Теміржол кешені тәулігіне 7 мың тоннаға дейін күкіртті тасымалдау қуатына ие», - дейді «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясының басқарушы директоры Бруно Жардэн.

Соңғы жаңалықтар