19:14, 13 Қараша 2017 | GMT +6
Атырауда кондуктордың оқушыларды автобусқа кіргізбей қойған сәті желіде қызу талқылануда
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде тараған видео атыраулықтар арасында қызу талқыға түсті. Кадрдан кондуктордың оқушыларды автобусқа кіргізбей тұрғаны көрінеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Бір топ мектеп оқушысы аялдамаға келіп тоқтаған №30 автобусқа отырмақ болғанда кондуктор кішкентай қыздарды сыртқа итеріп тастайды. Балалар сосын басқа автобусқа қарай жүгіре жөнеледі. Оған үлгере алды ма, жоқ па - видеоға түспей қалған. «Автобустың нөмірі белгісіз. Кондуктор және жүгізушімен сөйлесіп, ескерту беріледі. Ендігәрі осы жағдай қайталанатын болса, оларды бағдардан алып тастайды», - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.