Атырауда «Қазавтожол» ҰК» қызметкері 73 мың доллар пара алып жатқан кезінде ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филиалы бөлімінің бастығы пара алып жатқан кезінде ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Облыстық ҰҚК департаментіне  азамат Л. «Қазавтожол» ҰК» АҚ-ның лауазымды тұлғасы мемлекеттік сатып алу бойынша конкурста жеңіп,  өңірдегі көлік жолын жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан өзінің компаниясынан ақша  бопсалаған факті бойынша шағымданған.  Облыстық прокуратура бірден жарияланбаған тергеу әрекеттерін санкциялап, нәтижесінде аталмыш  факті расталды. Облыстық ҰҚК департаментінің қызметкерлері мердігерлік компаниядан атқарылған жұмыс актілеріне қол қою үшін арадағы делдал арқылы аса ірі көлемде -73 мың 300 АҚШ долларын алып жатқан кезінде  «Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филиалы бөлімінің бастығы К.-ні ұстады»,-деп хабарлады облыс прокуроры Ернат Сыбанкулов.
 Қолға түскен азамат Атырау қалалық ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлімі (пара алу) негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Облыстық прокуратура қылмыстық істің тергеу барысын өз қадағалауына алды.  

Соңғы жаңалықтар