Атырауда кәріз сулары зиратты басып жатыр: Қабірлер көшірілуі мүмкін

None
None
  АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда кәріз коллекторының жарылуы салдарынан зиратты су басуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәріз құбырының жарылуы қала маңындағы ескі мұсылман зиратының аумағында болды.

«Бұл зират қолданылмайды және жерлеу рәсімдері мұнда бей-берекет жүргізілген. Бұл бейіттің шекарасын кеңейтіп келді. Салдарынан оның бір бөлігі кәріз коллекторының үстінен түскен. Қазіргі уақытта апатты жою үшін екі қабірді көшіру туралы мәселе шешілуде», - деп хабарлады «Атырау Су Арнасы» ҚМК-ның баспасөз қызметінен.

 

Соңғы жаңалықтар