Атырауда қар басты, коммуналдық қызметтер қауырт жұмыс істеуде

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қарлы боран Атырауды да айналып өтпеді. Өткен түнде қаланың коммуналдық қызметтері қауырт жұмыс істеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қалада 12 қаңтар күні түс ауа қар жауа бастады. Синоптиктер таңға дейін толастамайды деп болжам жасады. Сондықтан Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкеновтің тапсырмасымен «Арнайы автобаза» ЖШС-ның қар күрейтін техникалары бес топқа бөлініп, жұмыс істеді. Көктайғақтың алдын алу мақсатында көпірлер мен жолдарға үш резервуар құм септі. Барлығы 28 арнайы техника жұмылдырылды. Таңға дейін қаланың ішіндегі жолдармен қоса, қала маңындағы ауылдық округтердің де жолдары қардан тазартылды», - деп мәлімдеме жасады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазір қар тоқтады. Қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.



«Ауа райын үзбей бақылап, тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз», - дейді «Арнайы автобаза» ЖШС директорының орынбасары Кимеядин Шманов.

Соңғы жаңалықтар