Атырауда ипотекалық тұрғын үйге ірі құрылыс салушылар тартылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда ипотекалық тұрғын үй салуға ірі құрылыс салушылар тартылуда. Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Серік  Шапкенов  "BI Group"   компаниялар тобының  "Заман" тұрғын үй кешені құрылысының таныстырылымында айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шаһар басшысы  жергілікті атқарушы билік  бизнес жүргізуді тиімді ету арқылы Атыраудың аймақтың инвестициялық тартымдылығылығын  арттыруға барлық жағдай жасап отырғанын айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыс басшылығы жергілікті атқарушы органдар алдына инвестиция тарту, кәсіпкерлік субъектілерін көбейтуге қатысты нақты міндеттер қойып отыр, - деді Серік Шапкенов.- Осы бағытта қол жеткізген табыстарымыз да бар, жыл санап көптеген ірі компаниялар Атырауға қызығушылық танытып келеді, олар аймақтың инвестициялық тартымдылығын  баса айтады».
null 

Шапкеновтың айтуынша, 2017  жылы Атырау қаласында 20 көп қабатты тұрғын үй,  1020 пәтер салынған. 2018 жылы осы көрсеткішті 38  үй, 3678  пәтерге жеткізу жоспарланып отыр.

«Жеке салушылардың үйлеріне айрықша көңіл бөлінеді, олар салған пәтерлер "Нұрлы жер", "7-20-25"  ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша беріледі, - деді қала әкімі. - Құрылыс салушылар қатарында  BI Group компаниялар тобы да бар, Астана, Алматы қалаларынан кейін Атырауда филиал ашып,  құрылыспен айналысуда. Компания темір-бетон бұйымдары зауытын салып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етпек».

Соңғы жаңалықтар