Атырауда інісін өрттен құтқарған 5-сынып оқушысына құрмет көрсетілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда төтенше жағдайлар департаменті өрт кезінде ерлік көрсеткен 5-сынып оқушысы Әли Қалмұрзин мен көршісі Ерболат Ихсановқа құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, 29 қаңтар күні таңертең қаладағы көпқабатты пәтерлердің бірінде өрт тұтанған болатын. Үйде ағайынды Әли мен Әділ жалғыз болады. Түтіннің иісін сезген Әли саспай інісін көтеріп сыртқы шығады да, адамдарды көмекке шақырады. Көршісі Ерболат Ихсанов жылдам жетіп, пәтердің ішіндегі газ вентилін тауып, қатты бекітеді. Өрт қызметкерлері дер кезінде келіп, жалынды сөндіреді.

Бүгін Әли Қалмұрзин мен Ерболат Ихсановқа бала оқитын №17 мектепте құрмет көрсетілді.

«Кез келгеннің жүрегі дауалай бермейтін жағдайда көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтамыз», - деді оларға алғыс хатты тапсырған Атырау қаласы ТЖБ бас маманы Асыланбек Хафизұлы.

null 

Соңғы жаңалықтар