Атырауда халықаралық балалар фестивалі өтеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Almaly.kz» V халықаралық балалар өнер фестивалі 1-5 мамыр аралығында Қазақстанның бірлігі күні мерекесі аясында өтеді деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл дүбірлі додаға «Таң сәрі» балалар мюзик-шоу театры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен  ҚР Білім және ғылым министрлігі, Атырау облыстық әкімдігі және Атырау қаласы әкімдігі қолдауымен өткелі отырған сайысқа еліміздің шығармашылық ұжымдары шақырылған.

«Қатысушылар «Вокал», «Хореография»,«Актерлік шеберлік» номинациялары бойынша сынға түседі. Байқау болашақтаҚазақстан атын балалар арасындағы ірі халықаралық байқауларда қорғайтын мықтыларды анықтауға көмектеседі. Одан бөлек, байқаудың басты мақсаты -мемлекеттер арасындағы бірлікті нығайту», - дейді байқау ұйымдастырушылары.

Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, Қазақстан, Беларусь, Грузия, Ресей, Украина, Македония және Сербия Республикаларындағы өнер саласында еңбек етіп жүрген өнер қайраткерлері байқауда төрелік етпек.

Айта кеткен жөн, үміткерлер тіркелуіне бір күн қалғанға дейін репертуар өзгертугемүмкіндіктері бар.

Байқауға қатысу үшін Word форматында «Almaly.kz»-ға өтініш нұсқамасымен [email protected] электронды почтасында қабылданады.

Авторы: Абай АБЫЛАЙҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар