Атырауда электр жарығы не себепті өшірілгені анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда электр жарығы ЖЭО-дағы екі турбинаның істен шығуына байланысты сөнгені мәлім болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Атыраудағы ЖЭО-да екі турбина істен шықты. Оның біреуінің қуаттылығы - 50 мегаватт және екіншісінің қуаттылығы 80 мегаватт. Сол себепті Жайықтың сол жағалауындағы қала бөлігі жарықсыз қалған. Қазіргі сәтте қуаттылығы 80 мегаватт турбинаны қайта іске қосты. Әлеуметтік маңызы бар нысандарға, тұрғын үйлерге жарық берілді. Резервтегі қуат көздері арқылы басқа да нысандарға жарық беріліп жатыр», - деп хабарлайды қала әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи.

Соңғы жаңалықтар