Атырауда болған дауыл бірнеше оқу орнының шатырына зақым келтірді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы ТЖД 29 наурыз күні болған дауылдан қалаға қанша зиян келгенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, сол күні өңірде желдің жылдамдығы секундына 22 метрге дейін жеткен еді.

«Атырауда бес қабатты үйдің шатырын дауыл жұлып кетті. Индербор елді мекенінде екі ғимараттың - тұрғын үйдің және ауыл қазандығы ғимаратының, Исатай ауданы Мақат ауылы мектебінің шатырын жел жұлып кеткен. Жел ұшырған шатырлар 5 көлікті зақымдаған. Оның төртеуі облыс орталығында, біреуі Индерборда болған.

Сондай-ақ, Атырауда екі ағаш және бір электр желісі бағаны құлаған. Ондаған жерде балкон, шатыр жабындысына зақым келген. АМУ-дың №3 корпусының, №31 мектеп-гимназиясының және мұнай және газ университеті ғимаратының шатырына қатты зақым келген. Бұл нысандар шұғыл жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Бұл нысандардың шатырын дер кезінде бекіткен құтқарушылар оларды ұшып кетуден сақтап қалған», - деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД басшысының орынбасары Замир Бердашев.

Естеріңізге сала кетейік, бейсенбі күні кешкі 20:00 шамасында Атырауда дауыл соқты. 

Соңғы жаңалықтар