Атырауда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» үйлестіру орталығы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» үйлестіру орталығының жобалық кеңсесі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде орналасқан, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Орталық қызметкерлерінің құрамына мемлекеттік органдар, жастар ресурстық орталығы, мәдениет және білім беру салаларының өкілдері кірді. Жаңа органның негізгі бағыттарына «Туған жер», «Қасиетті жерлер», «100 жаңа есім» кіреді.

«100 жаңа есім» бағыты қоғамды өз кәсібінде биік белестерді бағындырған тек танымал тұлғаларды ғана емес, сондай-ақ жалпы елдің дамуына үлкен үлес қосқан азаматтарды үлгі ету арқылы тәрбиелеуге бағытталған.

«Біз сондай адамдарды тауып, олардың басқа да адамдарға үлгі болуы үшін қоғамдық сананы жаңғырту арқылы сол адамдар туралы айтуымыз қажет», - деді үйлестіру орталығы сараптамалық кеңесінің басшысы, тарих ғылымдарының докторы Мұхтар Әбілсейіт.

Айта кетейік, сараптамалық кеңестің құрамына ғалымдар, өлкетанушылар, Атырау облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері мен журналистер кірді. Кеңестің мүшелері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес іс-шаралар өткізу бойынша үкіметтік емес ұйымардан, этномәдени бірлестіктерден, жастар және ардагерлер ұйымдарынан, жеке тұлғалардан түскен идеялар мен ұсыныстарды қарап, қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар