Атырауда бокстан халықаралық турнир басталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау қаласындағы бокстан ересектер арасында Х халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық деңгейдегі шара  Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлының рухына арналып ұйымдастырылып жатыр. 

Дәстүрлі турнирге биыл Иран, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Монғолия және Қазақстан мемлекеттерінен 100-ге жуық былғары қолғап шеберлері қатысуда. Аталмыш турнир «А» санатындағы, AIBA (Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы) күнтізбесіне енген Азия құрлығындағы маңызды спорттық шара.

«Халықаралық Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының рухына арналған турнирдің басты мақсаты -- әуесқой боксты дамыту және насихаттау. Онымен қоса, ұлтымыздың батырлары Исатай мен Махамбет атын алыс шетелдерге таныстыру», - дейді Бокс федерациясының вице-президенті Сәрсенбай Торғаев.

Турнирдің іріктеу сайыстары  сәуірдің 27, 28, 29 күндері, ал  шешуші финалдық бәсекелер 30 сәуір күні басталады. Бұл додада Атыраудың намысын 15 былғары қолғап шеберлері  қорғайды.
nullnullnull

Авторы: Абай АҚМҰРЗИЕВ

Соңғы жаңалықтар