Атырауда бірқатар көшелер жабылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда бірқатар көшеде көлік қозғалысы үш аптаға дейін тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, 21 сәуірден 14 мамырға дейінгі аралықта Баймұханов көшесінің автокөлік жолына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылады. 21 сәуірден бастап 14 мамыр таңғы сағат 08:00-ге дейінгі мерзімде Мечников - Баймұханов автокөлік көпірінен бастап, Баймұханов - Б.Аманшин көшелерінің қиылысына дейінгі аралықта жолдар жабылады.

Сол себепті, №2 «Балықшы кенті - Темір жол вокзалы», №14 «Авангард ықшам ауданы - Темір жол вокзалы», №15«Сарықамыс ықшам ауданы - Мұнайшы ықшам ауданы», №21 «СМП-163 ауданы - Ескі әуежай» аралықтарына қатынайтын қалалық қоғамдық көліктер А.Грибоедов көшесі арқылы жүреді.

Абай АҚМҰРЗИЕВ

Соңғы жаңалықтар