Атырауда бензин өндірісі тәулігіне 4,5 мың тоннаға жеткізілді

None
None
АТЫРАУ. «ҚазАқпарат» - Атырау мұнай өңдеу зауыты тауарлық бензин өндірісінің көлемін тәулігіне 1 900-ден 4 500 тоннаға дейін ұлғайтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«29 наурыздан бастап Атырау МӨЗ мұнайды терең өңдеу кешеніндегі каталитикалық крекинг құрылғысын іске қосқан соң бензин өндіру көлемін екі есеге, яғни тәулігіне  1 900 тоннадан 4 500 тоннаға дейін ұлғайтты. Сонымен қатар өндірілетін бензин маркасы АИ-92 және одан жоғары», - деп хабарлайды Атырау МӨЗ баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, «Атырау мұнай өңдеу зауытында терең мұнай өңдеу кешенін салу» жобасы Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, кәсіпорынның жаңғыртылуының үшінші, соңғы кезеңі болып табылады. Жоба 12 жеке технологиялық қондырғыны және жалпы зауыттың 40-тан астам нысанын салуды қарастырады. Негізгі қондырғы - каталитикалық крекинг қондырғысы, ол K4 және K5 экологиялық класты жоғары октанды бензин өндіруде мұнайдың терең өңделуі үшін қажет. 


Фото: m.bbgl.ru

Соңғы жаңалықтар