Атырауда бекірені заңсыз аулаған қылмыстық топ ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласында бекіре балығын заңсыз аулап, сатумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында Атырау қаласында облыс орталығының және Исатай ауданының тұрғындарынан құралған қылмыстық топты ұстады. Олар Каспий теңізі жағалауында бекіре балықтарын заңсыз аулаумен, оны сақтап, Атырау қаласы аумағында сатумен айналысқан», - деді ол.

Департамент басшысының айтуынша, өткен жылдан бері Атырау облыстық ІІД қызметкерлері аталған топтың бекіре балығын сатуының бірнеше фактісін тіркеген.

«16 қаңтар күні осы істің фигуранттарының тұрып жатқан жерлерін тінту барысында 1,2 келі уылдырық, 13 бекіре балығы, цифрлық таразы тәркіленді. Сол күні қылмыстық топтың басшысы мен үш қатысушысының үстінен ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық жасап, оған қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Барлық тұлғалар тұтқынға алынды», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар